Басты Жаңалықтар Ерік-жігері мықты өрт сөндірушілер

Ерік-жігері мықты өрт сөндірушілер

 Ақмола облысында жыл басынан 700-ге жуық өрт орын алды. Қауіпті жерден 117 адам эвакуацияланып, 10 адам тілсіз жаудан  құтқарылды. Адам жанын қауіп-қатерден арашалауға өңірдегі 1600 құтқарушы күн сайын бастарын қатерге тігеді. Осындай жауапкершілігі мол жұмысты атқарып жүрген өрт сөндірушінің бірі – Назар Жақсыбаев.

Еңбек жолын жүргізушіліктен бастаған жаужүрек кейіпкеріміз бүгінде бөлімшедегі 70 құтқарушы-өрт сөндірушінің арнайы тактикалық дайындығы мен техникаға жауапты.

Дабыл қағылған сәтте өрт сөндірушілер бір минут ішінде жиналып, төтенше жағдай орнына 7-10 минут аралығында жетуі тиіс. Қала бойынша шақырту көп түсетін мекеме де осы жер. Өрт сөндірушінің айтуынша, бір күнде әдетте екі-үш, ал кейде тіпті он шақты шақыртуға дейін түсуі мүмкін. Отан үшін отқа түсіп жүрген Назар Жақсыбаевтың бұл мамандыққа деген қызығушылығы бала күнінен оянған. Көкшетаудағы Азаматтық қорғау Академиясында білімін жетілдірген ол бүгінде офицер шенін алды. Өзі бұл салада тек мамандығын шексіз жақсы көретін, таңдауына адал қызметкерлер жұмыс істейтінін айтады.

Назар Жақсыбаев, Көкшетау қаласындағы ТЖБ №1 арнайы өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:

Үлкен жауапкершілік шындығына келетін болсақ. Бір адамның қолынан келетін жұмыс емес. Бұл командалық жұмыс деп айтсам да болады. Төтенше жағдайларда жұмыс істегеніме 15 жылдан артық уақыт өтті. 15 жылда көптеген төтенше жағдайларды жою, алдын алу жұмыстарына қатыстым.  
 

Бөлісу