Астанада ІІ Халықаралық Құран жарысы өтіп жатыр
Әлемнің үздік қарилары Астанада бас қосты. Қазір Республикалық бас мешітте ІІ Халықаралық Құран жарысы өтіп жатыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған сайыста, Құран Кәрімді толық жаттаған 20-дан астам елдің өкілі бақ сынауда. Қатысушылардың арасында Түркия, Сауд Арабиясы, Мысыр, Иран, Пәкістан, Индонезия секілді елдердің қарилары бар. Оларға саланың үздіктері мен тәжірибелі мамандар қазылық етеді. Ауқымды шара Республика күні мен діни басқарманың 35 жылдық мерейтойына орайластырылған. Жалпы бұл жарыс осымен елімізде екінші рет өтіп жатыр. Мақсат: Құран Кәрімді насихаттау, азаматтарды теріс ағымның жетегіне еріп кетудің алдын алу. Бас мүфтидің айтуынша, жарысқа Сауд Арабиясының Ислам дін істері министрлігі демеушілік білдірген. Жарыс жеңімпаздары ертең яғни 16 қазанда белгілі болады.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
Бірінші орынға 20 мың АҚШ доллары, екінші орынға 15 мың АҚШ доллары, үшінші орындарға 10 мың доллар қаржылай сыйлық берілетін болады. Сондай-ақ бүкіл қатысушыға ынталандыру ретінде 500 доллар көлемінде сыйақы берілетін болады және де «көрермен көзайымы» деген номинация бар. Оған да қосымша 300 АҚШ доллар көлемінде сыйақы беруді ұйымдастырушы ұжымның шешімімен тағайындалған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
