Парламенттік реформа: Ұсыныстар e-Otinish және eGov арқылы қабылданады
Парламенттік жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар Е-Otinish және eGov арқылы қабылданады. Бұл жөнінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграм парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы Жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік e-Otinish платформасында және eGov сервисінде азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау ұйымдастырылады. Олар «Парламенттік реформа» атты арнайы бөлімге ұсыныстарын жолдап, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлес қоса алады. Парламенттік реформаны мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог арқылы жүзеге асыру Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарына толық сәйкес келеді, - деп жазды Ерлан Қарин.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
