Мәжіліс су арқылы таралатын аурулардан қорғау хаттамасын ратификациялады
Мәжіліс 1999 жылғы Лондонда қабылданған «Су және денсаулық проблемалары туралы» халықаралық хаттаманы ратификациялады. Мұндағы мақсат – халықты су арқылы таралатын аурулардан қорғау және олардың алдын алу. Қазақстан бұл келісімді қабылдап, санитарияны жақсарту, ауруларды ерте анықтау және төтенше жағдайларға дайын болу сияқты маңызды міндеттерді мойнына алды. Жаңадан бекітілген құжат суды қайта өңдеу саласында озық технологияларды қолдаунға жол ашады. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты арттырып, халық денсаулығын қорғауда маңызды қадам болмақ.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
Біз мысалы 25 млрд-тай суды тұтынамыз жылына. Сол бізге кіретін өзендердің көбі қасымыздағы көрші елдерден келеді. Яғни бізге кіретін сулардың да тазалығы, бізден шығатын сулардың да тазалығы мемлекеттің бақылауында болуы керек. Біздің ауызсуға пайдаланатынымыз, оны ары қарай канализацияға лақтырған кезде судың бәрі лас. Ал оны тазалап қайта пайдалану ісі кенже қалып қойған. Енді біз келісімшартқа қойғаннан кейін мойнымызға міндеттеме аламыз.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жазушы В.Михайловты мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 13:30
Туризмге 2 жылда ₸2,2 трлн инвестиция тартылған
07.09.2026, 13:27
Қорғалжын қорығына м³40 млн су жіберілді
07.09.2026, 13:24
5 мың шақырымдай теміржол салынады
07.09.2026, 13:21
Ембідегі 125 жыл болған вокзалды жаңғыртты
07.09.2026, 13:18
Астанада ғарыш саласына қатысты форум басталды
07.09.2026, 13:15
Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс саласын күшейтпек
07.09.2026, 13:12
Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады
07.09.2026, 13:09