Жетісу облысын ауызсумен қамтуға 480 млн теңге бөлінді
Үкімет Жетісу облысын ауызсумен қамтуға 480 млн теңге бөлді. Бұл
Президент тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаржы. Осы
қаражатқа Алакөл ауданының Қоңыр ауылында және Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында
су желісін жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде мыңнан астам ауыл тұрғыны ауызсумен қамтылады. Биыл Жетісу облысында сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту және
салу бойынша барлығы 18 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жыл соңына қарай өңірдегі орталықтандырылған ауызсумен
қамтылған ауылдардың үлесін 99,9%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мұндағы
329 ауылда 700 мыңға жуық халық тұрады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06