Басты Жаңалықтар Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық азайып келеді

Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық азайып келеді

Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық азайған. Мұны ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азиядағы балаларды қорғау жөніндегі аймақтық кеңесшісі Аарон Гринберг  Бухарест қаласында өткен конференцияда айтты. Көрсеткіш 53%-дан 38%-ға төмендеген.  Румынияның астанасы Бухарест қаласында өткен «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою» атты конференцияда Қазақстан тәжірибесі таныстырылды. Ауқымды басқосуға Еуропа мен Орталық Азияның 32 елінен өкілдер қатысты. Қазақстанда балаларды зорлық-зомбылық пен буллингтен қорғау бағытында ауқымды реформалар іске асырылуда. «Буллинг» ұғымы заңнамаға енгізілді. Оған қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мектептер мен колледждерде «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы іске қосылды. Балаларға жедел көмек көрсету үшін «111» бірыңғай байланыс орталығы ашылды.

Бөлісу