Онлайн казиноны жарнамалағандардың табысы тәркіленеді
Онлайн казиноны жарнамалағандардың табысы тәркіленіп, екі есе айыппұл салынуы мүмкін. Заңға осындай өзгеріс енгізу қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауапта мәлім етті. Бұған қоса қылмыстық іс қозғау мәселесі көтерілуде. Осы мақсатта Қылмыстық кодекске 307-1-бапты енгізу ұсынылып отыр. «Аталған түзетулердің тұжырымдамаларын Президент әкімшілігі қолдап, агенттік пен Бас прокуратураға, Әділет және ішкі істер министрліктеріне жыл аяғына дейін пысықтау тапсырылды», - делінген агенттік төраға орынбасарының жауабында.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06