«Келешек мектептері»: 7 мыңға жуық педагог біліктілігін арттыруда
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 7 мыңға жуық педагог біліктілікті арттыру курсынан өтіп жатыр. Оқу LMS цифрлық платформасы арқылы онлайн ұйымдастырылады. Бұл туралы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілі мәлімдеді. Айтуынша, қазір курсқа қатысу бойынша өңірлердің ішінде Астана, Шымкент қаласы мен Алматы, Түркістан облысының мұғалімдері белсенді. Оқу бастауыш сынып, қазақ, орыс және ағылшын тілі мен математика, информатика сынды базалық деңгейдегі 11 пәнді қамтиды. Айта кетсек, былтыр «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 35 мектептен 2 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Айя Мүтәлі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы баспасөз қызметінің басшысы:
Онда пәнге қатысты оқу материалдары мен мұғалімдерге қиындық тудыратын тақырыптарды анықтауға арналған арнайы тестілер бар. Бұл тестілер мен материалдар ұстаздарға өз пәнін тереңірек түсінуге және жаңа әдіс-тәсілдер меңгеруіне көмектеседі. Курс аяқталған соң әр мұғалімге кәсіби дамуын жалғастыру үшін жеке кеңестер мен ұсыныстар беріледі.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06