Арыс қаласында өзен арнасы тазартылды
Түркістан облысының Арыс қаласында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті. Табиғат жанашырлары бұл жолы Арыс өзені мен қала аумағынан өтетін Қабылсай табиғи арнасының бойын күл-қоқыстан тазартытып, жағалауды жинастырды. Көктем мен күз мезгілінде еріген қар мен жиналған жаңбыр суы осы Қабылсай арнасы арқылы өтеді. Сондықтан арнаның табанын жиі тазалап тұрмаса, қоқысқа толып кетеді,-дейді тұрғындары. Сонымен қатар, қала ішіндегі көшелердің бойы мен көпқабатты үйлердің ауласы ретке келтірілді.
Ақынбаба Қошқаров, Арыс қаласының тұрғыны:
«Таза Қазақстан» акциясы бір күндік шара емес. Жыл бойы «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, барлық жерді таза ұстасақ, өзіміздің денсаулығымызға да, өмірімізге пайдалы. Бүкіл Арыс қаласының тұрғындары, қаламызды таза ұстайық. Мінекей, тегін көк ағаштар беріліп жатыр, соны егейік.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан онлайн қызметтер бойынша әлемдік үздік ондықта
29.10.2026, 20:30
Баспаналы болғысы келетін алматылықтар үшін тағы бір мүмкіндік
29.10.2026, 20:26
Отандық «Ерекше» фильмі үш халықаралық жүлдеге ие болды
29.10.2026, 20:24
Жасанды интеллект ғалымның көмекшісіне айналады
29.10.2026, 20:21
3 қарашада «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
29.10.2026, 20:20
Абай облысында құрылыс қарқын алды
29.10.2026, 20:19
Өскеменде жол айрығының құрылысы аяқталуға жақын
29.10.2026, 20:18
Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтеріледі
29.10.2026, 20:15