Басты Жаңалықтар Елімізге 5 мыңнан астам адам қоныс аударған

Елімізге 5 мыңнан астам адам қоныс аударған

5 мыңнан астам адам қоныс аударды. Бұл жыл басынан бергі көрсеткіш. Өңірлер бойынша көш басында Павлодар облысы тұр. Екі мыңға жуық адам көшіп барған. Екінші орында Солтүстік Қазақстан. Теріскейге  қоныстанғандар саны мың жарымнан асады. Ал Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Атырау, Ұлытау, Қарағанды облыстарындағы көрсеткіш сәл бәсеңдеу. Мәселен биыл Қарағанды облысына 38 адам ғана өз еркімен көшіп барған. Қандастарымыз негізінен Өзбекстан, Қытай, Ресей, Моңғолия, Түрікменстаннан келген. Олардың 2307-сі еңбекке қабілетті. Жартысынан көбі тұрақты жұмысқа орналастырылды.   Қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік субсидия беріледі. Бұл шамамен 275 мың теңге. Бұдан бөлек баспана,  қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама, жұмысқа орналастыру сынды қолдау түрлері бар. Мақсат – халық аз шоғырланған өңірлердің демаграфиялық ахуалын, экономикасын тұрақтандыру.


Бөлісу