ІІМ: Жыл басынан бері 26 тонна есірткі тәркіленді
Жыл басынан бері 26 тонна есірткі тәркіленген. Оның бір тоннадан астамы синтетикалық заттар. Жыл өткен сайын зиянды ұнтақтың түр-түрі шығып жатыр. Таралу жолы да тыйылмай тұр. Улы өнімді саудалаушылар Telegram, WhatsApp сынды әлеуметтік желілер мүмкіндігін белсенді пайдаланады.
Бұл оларға тіпті жас жеткіншектерді жеңіл пайда табуға итермелеуге жол ашып отыр. Тапсырыс орындаушылардың жасы небәрі 16-20 жас аралығында. Соңғы 9 айдың қорытындысында кәмелетке толмаған 61 жасөспірім ұсталған. Оның 10-ы мектеп оқушысы. Нашақорлықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүріп жатыр. Бірақ ең бірінші сырттан келетін қауіптен сақтану керек,-дейді депутат Абзал Құспан.
Абзал
Құспан, Мәжіліс депутаты:
Біз өте үлкен, қазіргі таңда Еуропа мен Азия құрлығын жалғастырушы көпір болып отырмыз. Сондықтан Қазақстанның үстінен бұл жерде үлкен есірткі тасымалы жүретіні анық. Негізі тәртіпті біз шегарадан бастап орнатуымыз керек. Ал ІІМ ол территорияға кіргеннен кейін барып қана жедел іздестіру шаралары арқылы анықтайды. Ал тәртіп барлық әлемдік практикада қалыптасқан, шекараға орнатады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Жол жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15