Басты Жаңалықтар Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-дан 18%-ға дейін көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-дан 18%-ға дейін көтерді

Осы аптада Ақордада «Экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері» бойынша кеңес өтті.

«Кеңес барысында азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды. Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті»,- деп жазды Ақорданың коммуникация құралдары.

Рас, инфляция аналитиктер болжағаннан да өсіп жатыр. Қыркүйекте жылдық инфляция 12,9 пайызға жетті. Ал жұмада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайыздан 18 пайызға дейін көтеріп тастады. Бұл инфляцияны тежеу қадамы ретінде қарастырылып отыр.

Ресми ақпарда: «Инфляцияның динамикасын тұрақтандырып, бағаның бақылаудан шығуына жол бермеу үшін шешімді қадам жасауға тура келді», — делінген. Ал банк төрағасының өзі — Тимур Сүлейменов: «Жоғары инфляцияда қаржы-несие саясаты әрі қарай да қатаңдай береді. Егер инфляция біртіндеп тежелмесе, ставканы көтере беруге тура келеді. Бірақ бұл қараша айында», — дейді.

Базалық мөлшерлеме - Ұлттық банктің қаржы-несие саясатындағы басты инструмент. Банктердің қандай пайызбен кредит алатыны, тиісінше, халық пен бизнестің банктерден алатын кредитінің пайызы осы базалық мөлшерлемеге байланысты.

Яғни базалық мөлшерлемені көтеру - несиелерді қымбаттатады. Адамдар да, бизнес те несие алуға тартынып, ақша жұмсауды азайтады. Сондықтан баға да аспандай бермеуі керек. Бірақ бұл - теория. Теорияның тіршілікте бола қалатын процесс еместігі тағы түсінікті. Әңгіме несиенің тұрмыстық техника мен көлік те емес, азық-түлік пен ең керек деген заттарға да рәсімделетіні туралы.


Бөлісу