Басты Жаңалықтар Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммиті: Президент жиында 10 бастама көтерді

Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммиті: Президент жиында 10 бастама көтерді

Әзербайжанның солтүстігінде орналасқан Габала қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммиті өтті. Әзербайжан дегенде, бұл мемлекеттің Армениямен арадағы 30 жылға созылған тіпті соғыс деуге болады, конфликтіні реттегенін, оның ішінде, «Зангезур дәлізі» жобасын іске асыратынын қалай айтпаймыз. Оған Қ. Тоқаев та ылғи тоқталады. Себебі Каспий арқылы Әзербайжанға жеткізілетін жүк әрі қарай Европаға кедергісіз, зулап жетеді. 43-ақ шақырымдық жол аймақтағы геосаясатқа әсер ететін жол. Зангезур туралы бірнеше рет айтқанбыз. Бірақ мағынасы зор болғасын, тағы бір рет тоқталғымыз келеді. Апта соңына қарай Душанбеде Орталық Азия - Ресей саммиті, ТМД кеңесінің отырысы өтті. Душанбеде И. Әлиев пен В. Путин кездесті. Путин былтыр жылдың аяғында Грозный маңында шабуылға ұшырап, кейін біздің жерге келіп құлаған Әзербайжанның жолаушылар ұшағының апатына кінәлі екендерін мойындады.

Бөлісу