Басты Жаңалықтар Бүгін Семейде қала әкімінің сайлауы өтті

Бүгін Семейде қала әкімінің сайлауы өтті

 Бүгін Семей тұрғындары қала әкімін таңдау үшін сайлау өтті. Дауыс беру жаңа ғана 20:00-де аяқталды. Дауыс беруге құқы бар 220 мың 761 адамға 128 сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Қала автобустары бүгін тегін болды. Сайлауға түскендер:

Әділет Қожанбаев - Көкпекті ауданының қазіргі әкімі, бұрын банк саласында және «Қазақтелекомда» жұмыс істеген.

Айболат Бекжасаров – қалалық мәслихатты басқарған, қазір уақытша жұмыссыз деп көрсетілген.

Қаныш Төлеуов – Геодезия, картография және құрылыс Жоғары колледжінің директоры. Қоғамдық өмірде Amanat партиясымен қабысады.

Бұл сайлаудың маңыздылығы – елімізде тұңғыш рет облыс орталығының әкімі халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланып тұр. Нәтижесі 3 күннің ішінде жарияланады деп ақпарат берді қалалық сайлау комиссиясы, меншікті тілші Ержан Жақыпқа.

Бөлісу