Сенат депутаттары 100-ден астам ағаш отырғызды
Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ Сенат депутаты, Бейбітшілік және келісім саябағында 100-ден астам ағаш отырғызды. Сенат Төрағасы «Таза Қазақстан» акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Экологиялық бастама тек табиғатты қорғауға емес, рухани тазалық пен ізгілікке үндейтін игі іс ретінде бағаланды. Акция аясында өткен сенбілікке 200-ге жуық адам қатысты. Сенаторлар бұл бастаманы тұрақты түрде қолдап келе жатқанын және елді көгалдандыру мен экологиялық сана қалыптастыру жолындағы жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Біздің бұл «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акция бүкіл көрші мелекеттерге үлгі болып жатыр деп айтсақ болады. Бұны бастаған біздің Президентіміздің мақсаты шынында елдің, бүткіл әлемнің таза болуы, бүткіл әлемнің жап-жасыл болып көгеріп жатуы. Елде қазіргі уақытта эколгоияның, геосаяси жағдайдың бұзылған уақытында осындай акциялар біздің халқымыздың денсаулығы үшін, жастарымыздың болашағы үшін өте маңызды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08