Мүгедек бала тәрбиелейтіндердің жұмыс кестесін өзгерту бастамасы көтерілді
Мүгедек бала тәрбиелейтін ата-аналардың жұмыс кестесін өзгерту бастамасы көтерілді. «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» заңға осындай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.
Рауан Сағадиева, «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы:
Күніне 4 сағат кеңседе, қалған 4 сағатын қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін осындай гибридті жұмыс түрлері стандарттарға енгізілсе дейміз. Сонда қызметкер толық 8 сағаттық еңбекақы алатындай мүмкіндік болар еді. Мысалы, 8 сағаттық жұмыс істейтін ананың жұмысы тек кеңседе бітпейді - үйге келген соң бала күтімімен айналысып, жұмысы жалғасады. Сол себепті әйелдердің физикалық және психо-эмоционалдық жағдайы әлсіреп, өмір сапасы төмендейді. Соның салдарынан отбасылар арасында ажырасу жағдайлары да жиілеп барады.
Аталған одақтың келтірген статистикасына сәйкес, елімізде 742 мыңнан астам мүгедек және ерекше күтімді қажет ететін адам бар. Оның 235 мыңнан астамы 18 жасқа толмаған балалар. Сондай-ақ, одақ мүшелері мүгедек бала тәрбиелейтін ата-аналардың зейнет жасын 10 жылға дейін төмендетуді ұсынды. Астанада өткен шараға Мәжіліс депутаттарымен бірнеше министріктің өкілдері қатысты.
Екатерина Смолякова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Осы дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша, бір ортақ шешімдерге қол жеткіземіз. Тиімді ұсыныстар болады деп ойлаймын. Қазанның 15-17 аралығында еліміздің тарихында бірінші рет Әлемдік конгресс, инклюзия конгресі біздің елімізде өтеді. Себебі 2024 жылы біздің еліміз БҰҰ мониторингінің, талдауының нәтижесінде Қазақстан инклюзия бойынша қол жеткізіп, біз алдыңғы қатарлы ел боламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
