Басты Жаңалықтар Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу жалғасуда

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу жалғасуда

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу жалғасып жатыр. Бүгін негізгі кезең - сараптама комиссиясымен сұхбат өткізілді. Мұнда үміткерлер мемлекеттік басқару саласындағы өз көзқарастары мен идеяларын 5 минут ішінде ұсынды. Презентация аяқталған соң, сарапшылар əр түрлісұрақтарын қойып, ұсынылған бастамаларға кəсіби тұрғыда баға берді. Жалпы кадрлық резерв бұлеліміздегіталантты, білімді, көшбасшылық қабілеті бар жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға арналған стратегиялық жоба. Яғни, бұл тізімге енген азаматтар алдағы уақытта жауапты мемлекеттік қызметтерге тағайындалуы мүмкін. Конкурсқа 35 жасқа дейінгі барлық Қазақстан азаматы қатыса алады. Негізгі шарт үміткердің кезкелген салада 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Дархан Жазықбай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы: 

Біз енді екі жылда бір өткіземіз ғой. 2023 жылы бізге 6400 жуық қатысушылар қатысты. Сонвң 50- ін біз іріктеп алдық. Оның 42-сі жұмысқа орналасты. Ал қалған 8 адам əр түрлі себептермен əлі жұмысқа орналасқан жоқ. Биылғы енгізген өзгерісіміз біз сала бойынша қабылдап жатырмыз. Яғни əр сала бойынша біз жастарды анықтаймыз
Бөлісу