Астанада ХІІ азаматтық форум басталды
Бүгін Астанада ХІІ азаматтық форумы басталды. Ауқымды басқосу «Инновациялар мен технологиялар: Астана азаматтық секторының болашағы» деп аталды. Ал қазанның 15-16 күндері форум республикалық деңгейде өтеді. Оған еліміздің әр өңірінің үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады. Бүгінгі басқосуда мамандар азаматтық қоғамды дамыту жолын талқылады. Жаңа жобаларды ұсынды. Негізгі бағыт жасанды интеллект, цифрландыру, жаңа технологияға негізделген.
Мейірбек Мұқатов, Астана қаласы қоғамдық кеңестің мүшесі:
Қазіргі навигатор арқылы жедел жәрдем шақырған кезде көріп отыруға болады. Ол да азаматтық қоғам, технологиялық компаниялар,үкімет арқылы іске асырылған жобалар.
Бану Нұрғазивеа, Қазақстан азаматтық альянсының
президенті:
Үкіметтік емес ұйымдар республикада 20 мыңнан астам. Келіп жатыр, кетіп жатыр. Негізгі мақсаты қандай? Жиналғанда бәріміз талқылап, түрлі-түрлі ұсыныстар айтамыз. Аяқ жағында ұсыныстар беру керек. Сол ұсыныстар негізінде сол ұсыныстардың бәрін екі күн талқылап, сараптамадан өткен ұсыныстарымызды біздің Үкіметіміз жоспар ретінде құрып, барша мемлекеттік органдарға жұмыс жасау үшін жібереді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06