СҚО мен Түркістан облысында «Таза бейсенбі» шарасы өтті
«Таза бейсенбі» акциясы бүгін Түркістан қаласының Шауғар шағын ауданында жалғасты. Тазалық шарасына Түркістан локомотив пайдалану депосының ұжымы, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, партия белсенділері мен қала тұрғындары қатысты. Жүзден астам белсенді теміржол магистралінің бойын күл-қоқыстан тазартты. Теміржол арқылы күн сайын мыңдаған жолаушы өтеді. Сондықтан жол бойындағы тазалық мәдениеттің, құрметтің белгісі дейді мамандар. Экошараға қатысқандар 2 тоннаға жуық қоқысты жүк көліктеріне тиеп, арнайы орындарға жеткізді.
Мақсат Танкеев, Түркістан локомотив пайдалану депосының бастығы:
Біздің ұжымнан – Түркістан депосынан бүгін 50-60 адам қатысып отыр. Бүгін «Таза Қазақстан» акциясында бәріміз бас қосып, тазалап жинадық. Айналамызды, отырған орнымызды, отанымызды тазалап жүрсек, барлығымыз тек таза Қазақстанда өмір сүреміз. Ары қарай өзіміз тазалық, сенбіліктерді ұйымдастырамыз. Сенбі күні де жалғасын табуда, депомыздың айналасына ағаш отырғызайын деп жатырмыз.
Петропавлдық еріктілер «Таза бейсенбі» акциясы аясында «Арман» балаларға
әлеуметтік қызмет көрсету орталығында сенбілік ұйымдастырды. Жастар ауланы
сыпырып, бақшаны қураған өсімдіктерден тазартты. Аталған орталық тірек-қимыл
жүйесі зақымданған балаларды оңалтуға арналған. Ұйымдастырушылар келесі акция
аясында қаладағы ескерткіш алаңдары қалыпқа келтірілетінін атап өтті.
Нариман Тоқсанбаев, волонтер:
Біз сенбілікке жиі шығып тұрамыз. Негізгі мақсаты – біз Петропавлды, өзіміздің қаламызды таза ұстау. Жас ұрпаққа үлгі ретінде көрсету. Бұл «Таза Қазақстан» бағдарламасы ретінде өтіп жатқан іс-шаралар. Көбіне экология мәселесін көтереді.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10