Кейбір азаматтар МӘМС мәртебесінен айырылуы мүмкін
Кейбір қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесінен айырылуы мүмкін. Олар шілде, тамыз және қыркүйек айларында тиісті жарнаны төлемеген. Дегенмен міндетті медициналық сақтандыру қоры мәртебесін жоймастан бұрын ескерту жасап, 1414 нөмірі арқылы SMS хабарлама таратып жатыр. Бұл - Қор мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бастамасы. Тізімге соңғы төлемі маусым айында төленген азаматтар кіреді. «Уақытылы төлем жасамағандар осы айдың соңына қарай мәртебесін жоғалту қаупі бар», - деп түсіндірді қор.
Айта кетейік, жарна төлеуді тоқтатқан тұрғындар үш ай бойы медициналық көмек
алу мүмкіндігін сақтайды. Бұл кезеңде шартты түрде сақтандырылған болып
саналады, бірақ олар өткізіп алған жарналарды төлеуге міндетті болып қалады.
Әділет Қасенов, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма басшысы:
SMS хабарламаларды жолдаудың мақсаты – азаматтардың МӘМС жүйесіндегі статустары жоғалып кетуі мүмкін екенін ескерту. Сәйкесінше сіз өзіңіздің жұмыс орнындағы бухгалтерияға жолығуыңыз керек. Сақтандыру мәртебесін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтынан, одан бөлек сақтандыру бот телеграм арнасынан қолдау 24/7 мобильді қосымшасынан көре аласыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
