Басты Жаңалықтар Мұғалімдерге жаңа технологияларды игеруге көмектесетін цифрлық платформа құрылмақ

Мұғалімдерге жаңа технологияларды игеруге көмектесетін цифрлық платформа құрылмақ

Жасанды интеллект мұғалімдерді артық жұмыстан босатып, білім беру саласын дамытуға тың серпін береді. Бұл туралы AMANAT партиясының «Мұғалім Talks» кейс-платформасының екінші отырысында айтылды. Саяси ұйым педагогтерге арналған жаңа технологияларды игеруге көмектесетін тегін курстар мен әдістемелік материалдары бар цифрлық платформа құруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта алғашқы пед-хакатон өтетіні де айтылды.

Жиынға еліміздің барлық өңірінен келген 300-ден астам мұғалім мен сала өкілдері қатысып, жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалімнің рөлі мен білім беру саласындағы инновацияларды талқылады.

Ерлан Қошанов, Мәжіліс спикері, AMANAT партиясының төрағасы:

Біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – адал, білімді, әділетті азамат тәрбиелеу. Бұл процесс үйден басталып, мектепте жалғасын табады. Әр баланың отаншыл болып өсуі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуі, айналасына, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Президент айтқандай, әр адам өзі адал болса, заңды құрметтесе ғана Әділетті Қазақстанды құра аламыз. Ал ондай буын тәрбиелеу – мұғалімдердің тарихи миссиясы. Осы істе партия әрдайым сіздермен бірге болады.
 

Бөлісу