Басты Жаңалықтар «Таза Қазақстан»: Қызылордада су мамандары колледж студенттеріне дәріс оқыды

«Таза Қазақстан»: Қызылордада су мамандары колледж студенттеріне дәріс оқыды

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында су мамандары колледж студенттеріне дәріс оқыды. Эко-конференцияда су үнемдеу технологиясының тиімділігі мен қоршаған ортаға оң әсері айтылды.

Келешекте тіршілік нәрі жаһандық мәселеге айналуы мүмкін. Жыл өткен сайын егістікке суды ысырапсыз пайдаланудың маңызы артып келеді. Мәселен, биыл Сырдариядан түскен су көлемі ең төменгі көрсеткішке жетті. Дегенмен шаруалар су үнемдеу технологиясын кеңінен енгізіп, егіннен мол өнім алды. Колледж қабырғасында су мамандығы бойынша білім алып жатқан жастарға саладағы жаңашылдықтар айтылып, мамандар ақыл-кеңес берді.

Елдос Қабылұлы, «ҚазСуШар» РМК ҚОФ бөлім басшысы:

Егілген егістің көбі күріш болғандықтан, лазерлік тегістеп, осы жылы 55 мың гектардан 60 гектарға жоспарланды. Су шаруашылығы нысандарында каналдарды автоманттандыру мәселесі қолға алынып жатыр. Нәтижесін береді деп ойлаймын.


Бөлісу