Басты Жаңалықтар ЖИ тақырыптары «Келешек мектептерінің» оқу бағдарламасына енгізілді

ЖИ тақырыптары «Келешек мектептерінің» оқу бағдарламасына енгізілді

Жасанды интеллект «Келешек» мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілді. Нақтырақ айтқанда, «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәнінің мазмұнына кіріктірілді. Бұл Мемлекет басшысының білім беру жүйесіне жаңа технологиялық бастамалар мен жасанды интеллектіні енгізу туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі өкілдерінің дерегіне сүйенсек, қазір цифрлық өзгерістерді білім беру процесіне тәжірибелік тұрғыда енгізу сынақтан өткізіліп жатыр. Сабақ оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырылады. Мысалы, бастауыш сыныптарда түсіндіру ойын және көрнекілік әдістері арқылы жүргізілсе, жоғары сыныптарда оқушылар чат-боттар құру, деректі талдау секілді жобалық тапсырмаларды орындайды. Мұндай тәсіл сыни ойлау, цифрлық сауаттылық және технологияларға саналы көзқарасты дамытуға бағытталған.


Бөлісу