Мехико әуежайында Димашты ыстық ықыласпен күтіп алды
Бұл – Мехико әуежайында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді қарсы алған сәт. Өнер иесін күтіп алу үшін әуежайға жиналған адамнан ине шаншар орын болмаған. Мексикаға алғаш рет барған Димашты жергілікті тыңдармандар ғана емес, өзге елдерден келген жанкүйерлер де «құрмет дәлізін» жасап күтіп алды. Ұшып келу залының есігі ашылған сайын Dears дәстүрлі мексикалық әндерді шырқап тұрды. Әнші көрінгенде, оны қоршап алып, «Димаш! Димаш!» деп ұрандатты.
Сол жерде жанкүйерлер Димашқа TopTenMusicAward сыйлығының «Жыл дауысы» номинациясындағы кубогын табыстады. Айта кетейік, бүгін Димаш Мехикодағы әйгілі Auditorio Nacional сахнасында «Stranger» турының алғашқы жеке концертін өткізеді. Ал 10 қазанда Palacio de los Deportes сахнасында өнер көрсетеді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00