Басты Жаңалықтар ШҚО-да «Вандализмге жол жоқ» экологиялық акциясы өтті

ШҚО-да «Вандализмге жол жоқ» экологиялық акциясы өтті

Шығыстағы «Жастар рухы» белсенділері «Вандализмге жол жоқ» экологиялық акциясын өткізді. Еріктілер Өскемен маңындағы таулы аймақ пен орманды қоқыстан тазартты. Ол жер туристер ең көп келетін орын және жыл он екі ай спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Алайда түрлі сурет салып, жартас бетін бүлдіретіндер де аз емес. «Таза Қазақстан» жобасының белсенділері жүзден астам тастағы суретті өшірді. Шығыстың тұмса табиғаты аясында тарихи ескерткіштер өте көп. Сондықтан эко-белсенділер мұндай акцияны үнемі өткізіп тұрмақ.

Қорлан Туғамбаева, «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрайымы:

«Жастар рухының» екі жыл көлеміндегі басты бағыттарымыздың бірі - «Вандализмге жол жоқ»  акциясы аясында қарапайым халықты тұрғындарды, қоғамды, жастарды өз отанын сүйіспеншілікпен қарап, қастерлеуге шақыру.


Бөлісу