Ақмола облысында жаңа 3 медициналық нысан пайдалануға берілді
Ақмола облысының Целиноград ауданында жаңадан 3 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді. Жаңа нысандардың құрылысы «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды.
Арайлы ауылында дәрігерлік амбулатория, Төңкеріс ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт, ал Ынтымақ ауылында медициналық пункт жұмысын бастады. Жаңа нысандарда физиотерапия, емдік дене шынықтыру, видеокольпоскоп кабинеттері бар. Сондай-ақ инфекциялық ауруға күдікті науқастар үшін жеке бөлмелер қарастырылған.
Жалпы өңірде ұлттық жоба аясында 38 медициналық нысанды жаңғырту жоспарланса,
бүгінде оның 36-ның құрылысы аяқталды. Қалған екі нысанды қараша айында тапсыру
көзделіп отыр. Сөйтіп ұлттық жоба аясында 75 мыңнан астам ауыл тұрғынына сапалы
медициналық қызмет қолжетімді болмақ.
Нариман Ермек, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Өңірдегі 562 денсаулық сақтау нысанының әлі де 135-і қосымша қаражат салып, жаңғыртуды қажет етеді. Осыдан үш жыл бұрын медициналық нысандардың 70 пайызы ескі болса, бүгінде бұл көрсеткіш әжептәуір азайып, 25 пайызға түсті. Бұл ұлттық бағдарламаның жемісі деп білемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
