Басты Жаңалықтар Шетел валютасын аларда мақсатын көрсету міндетті емес

Шетел валютасын аларда мақсатын көрсету міндетті емес

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде «шетел валютасын сатып алу кезінде оның мақсатын міндетті түрде көрсету керек» деген мазмұндағы ақпарат тарады. Ұлттық банк өкілдері мұның шындыққа жанаспайтын айтып, түсінік берді. Аталған тәртіп тек сыртқы экономикалық міндеттемелер шеңберінде валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент-заңды тұлғаларға ғана қатысты екенін хабарлады. Ал жеке тұлғаларға мұндай міндет қойылмаған. Яғни шетел валютасын сату және сатып алу кезінде еш міндетсіз еркін айырбас жасай алады. Бұл өзгерістер халықтың құқығын шектемейді, керісінше, қаржы жүйесін ашық әрі қауіпсіз етуге бағытталған. Ведомство өкілдері блогерлер мен инфлюенсерлерге қандай да ақпаратты жарияламас бұрын рас-өтірігін анықтап алу керегін ескертеді. Жалған ақпарат таратқаны үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылған.


Бөлісу