Басты Жаңалықтар Елімізде А гепатиті ересектер арасында да көбейген

Елімізде А гепатиті ересектер арасында да көбейген

Елімізде балалар арасында жиі кездесетін А гепатиті соңғы жылдары ересектер арасында да көбейген. Бұл туралы елорданың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі айтты. Дәрігерлер аурудың бұл түрі көбіне гигиенаның сақталмауынан немесе су арқылы жұғатынын айтады. Сондықтан қарапайым сақтық шараларын сақтау маңызды. Бұл – гигиенаны сақтау, қолды жиі сабындап жуу, дұрыс тамақтану, үй-жайды дезинфекциялау, балаларды уақытылы вакцинациялау. Статистика бойынша, 2010 жылдан бері мектепке дейінгі балалар арасында вирус тіркелмеген. Медицина өкілдерінің айтуынша, оған 2006 жылдан бастап енгізілген екпе салу науқаны септігін тигізіп отыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жыл сайын әлемде 1,5 миллион адам А гепатитін жұқтырады.


Бөлісу