Президент ертең Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Габала қаласына барды. Президент ертең Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысады. «Өңірлік бейбітшілік және қауіпсіздік» тақырыбындағы отырыста Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы өзара ынтымақтастықты күшейту жайы талқыланады. Сондай-ақ саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа да салалардағы бірлескен жұмыс мәселелері қаралады. Жалпы, ұйым 2009 жылы құрылған. Оның құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Түрікменстан мен Мажарстан - бақылаушы елдер.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23