«Дорстройтрест» ЖШС басшысы 7 жылға сотталды
Астанада көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысына бөлінген қаражыны жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. «Дорстройтрест» серіктесінің басшысы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал жалпы құны 131 миллион теңге болатын мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі хабарлады. «Samruk-Kazyna Construction» мен «Дорстройтрест» арасында тұрғын үй құрылысына инвестиция тарту туралы келісім жасалып, мердігер компанияға 2,6 миллиард теңге көлемінде аванс аударылған. Соған қарамастан құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған. Тергеу барысында қаржының едәуір бөлігі құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалғаны анықталды. Сонымен қатар 650 миллион теңге жалған шарттар арқылы аффилирленген компаниялардың шотына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қазір «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директорына халықаралық іздеу жарияланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
