Басты Жаңалықтар Digital Bridge 2025: Қандай ұсыныстар айтылды?

Digital Bridge 2025: Қандай ұсыныстар айтылды?

Digital Bridge 2025 халықаралық форумы өтті. Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы да.

Цифрлық мемлекет, жасанды интеллект кеңістігіне кірігу туралы көп айтылып жүр. Айтыла да береді. Себебі стратегиялық даму осылармен тығыз байланысты болып қалды. Бұл бүкіл әлемде солай.
Біз бейнелеп айтқанда сол «зымыраннан» орын аламыз. Немесе «әттең, тонның келтесі-ай» деп Бердібек Соқпақбаевтың кейіпкері сияқты, аты ғана шәй қара суды сораптап қаламыз.
Иә, бұл процеске АҚШ немесе Қытайдағы сияқты қыруар қаржы жоқ. Бірақ зейінді арнамаса, күнделікті қызметтің бір бөлшегіне айналдырмаса, мүлдем қайраңда қаламыз. Ол үшін сатып алынған және сатып алынатын суперкомпьютердің, тұсауы кесілген Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының эффектісі көрінуі керек. Құзырлы министрлік — министр Мәдиевке Премьер-Министрдің орынбасары деген уәкілет те берілді, барлық саладағы жұмысты қадағалап, сүйемелдеуі шарт.
Ал ең бастысы — оқушылар мен студенттерге жасанды интеллектіге орай сапалы білім беру. Ол үшін ең алдымен оқытушылардың өздерінің білігін арттыру. Осы мәселенің іргелі іс-жоспарын көріп тұрған жоқпыз.

Әріптесім Раушан Сайлауқызы айтып тұрған форумдарға қатысты. Баяндайтын дүние аз емес. Дегенмен бірнеше пунктке бөлсек.


Бөлісу