Е.Төлепбайдың «Жақсылыққа бет бұру» көрмесі ашылды
Астанада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Ерболат Төлепбайдың «Жақсылыққа бет бұру» атты көрмесі ашылды. Шара автордың 70 жылдық мерейтойы мен шығармашылық қызметіне 50 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Экспозицияға 70-ке жуық жұмысы қойылған. Көрменің ашылуына Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, суретшіні мерейтойымен құттықтады. Ерболат Төлепбай осы уақытқа дейін әлемнің түрлі елінде 38 жеке көрме өткізген. Ол бейнелеу өнерімен қатар, қоғамдық істерге де белсене араласты: Жоғарғы кеңестің депутаты болды, Суретшілер одағының жастар бірлестігін басқарды. Оның жетекшілігімен Ақорда резиденциясы мен бірқатар елорда нысандары көркемделді. Сондай-ақ «Бәйтерек» монументін тұрғызу ісіне үлес қосты. Көрме Ұлттық музейде өтіп жатыр, 22 қазанға дейін жалғасады.
Ерболат Төлепбай - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, суретші:
Бұл көрмеде негізінен этап әртүрлі. Жиырма жастағы салғаннан қазіргі салған суреттерімді, 50 жыл дедім ғой соның әр кезеңдегісін алып кеп қойдым. Туындыларымның негізгі тақырыбы: адамды адамгершілікке шақыру. Адамдарды жақсы жолға барсын деген сезімдері ояту.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
