Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер конкурсының жеңімпаздары анықталды

Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер конкурсының жеңімпаздары марапатталды.
Биылғы байқауға Қазақстан, Ресей, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және басқа елдерден келген 52 жас орындаушы қатысты. Финалға 17 қатысушы өтті.
Биылғы жылдың бас жүлдесі (Гран-при) мен 5 400 000 теңге сыйақыны Мәскеуден келген Софья Сакания иеленді. Ол Бақытжан Байқадамұлының «Сүйген сәулем» әнін әсерлі орындаған.
«Мұндай ауқымды байқауда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Шыны керек, жеңімпаз атанамын деп ойлаған жоқпын. Өйткені, бәсеке өте жоғары болды. Бұл конкрусқа катысудың өзі мен үшін үлкен сынақ әрі ынталандыру болды. Бибігүл Ахметқызы – аңыз адам. Оны тірідей көру мен үшін үлкен бақыт. Әрине, бұл орасан зор тәжірибе, оркестрмен жұмыс, жаңа эмоция, күтпеген тосынсый… Бұл байқау маған үлкен мектеп болды», – деді Софья Сакания.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
