Басты Жаңалықтар Көкшетауда «Таза бейсенбі» акциясы өтті

Көкшетауда «Таза бейсенбі» акциясы өтті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жалғасуда. Игі шара аясында «АMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы әр апта сайын «Таза бейсенбілік» өткізіп жүр.

Осы жолы Көкшетаудағы «Бәйтерек» саябағы қоқыстан тазартылды. Қайтадан жаңғырып, жаңарған саябақ бүгінде шаһар тұрғындарының демалатын сүйікті орындарының бірі. Аумағы да үлкен. Тазалық акциясына 100-ге тарта партия белсенділері, мемлекеттік орган өкілдері, жастар мен студенттер қатысты. Жалпы акция басталғалы партияның бастамасымен биылдың өзінде 50 шақты тазалық акциясы ұйымдастырылған.

Ақманат Әлімбетова, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары:

Басты мақсатымыз – қаламызды таза ұстап, ертең әдемі серуендейтін саябағымызды күтіп-баптау. Тазалық мәдениетін қалыптастыру маңызды, яғни өзі жинаған қоқысын қайта тастамауға дағдылану қажет. Бұл іске тек мемлекеттік қызметкерлер мен студент жастар ғана емес, жалпы тұрғындар да атсалысып жатыр.


Бөлісу