Түркістанда тігілген алып сәукеле халықаралық рекордтар кітабына енді
Ұлттық бас киіміміз әлемді таң қалдырды. Түркістанда тігілген алып сәукеле халықаралық рекордтар кітабына енді. Бұл тек дәстүрлі бас киім емес, тұтас өнер туындысы. Биіктігі 4 метр 60 сантиметр болатын сәукеле Global Book of Records кітабына енді. Сәукеле 31 түркі халқының ою-өрнегімен безендіріліп, оған ұзындығы 560 метрлік жамылғы тігілген.
Тарихи сәттің куәсі болу үшін Түркістанға Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов арнайы келді. Ол көпшілік алдында сәукеленің рекордтық мәртебесін жариялады. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңнан аса ана қатысып, дәстүрді дәріптеді.
Шебер Ақмарал Дауылбаеваның айтуынша, бұл сәукеле түркі әлемінің мәдени мұрасын паш етуді мақсат тұтады.
Ақмарал Дауылбаева, жоба авторы:
Сәукелеміздің биіктігін көк шыңмен тіресіп тұрсын деп оның биіктігін 5 метр 20 см жасадық. Ал енді оның оюын көп ойласа келе, Жер ананың бейнесінде тұрсын дедік. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен ананың құрметіне орай өмір ағашы секілді етіп бейнеледік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00