Алматы облысының Жаркент қаласында Орбұлақ шайқасына арналған «Ұлы жебе» мемориалдық кешені ашылды. Осыдан 375 жыл бұрын небәрі 600 қазақ сарбазы жоңғарлардың 50 мың қолына қарсы шығып, жеңіске жеткен. Түркістаннан Жалаңтөс батыр әскері келгенше батырлар түрлі айла-тәсілмен жаудың мысын басып, кері қайтарған. Мемориалдық кешен сол шайқастағы көріністі суреттеп қана қоймай, ұрпақтарға баһадүр бабалар ерлігінен сыр шертеді. Ескерткіш авторы - мүсінші Айдын Жайлаубаев.
Бексұлтан Нұржекеев, жазушы:
- Орбұлақ деген әлемдік тарихта болмаған үлкен жеңіс. Өзінен сексен есе көп жауды тоқтату үшін әдіс, айла тапты біздің бабаларымыз. Ор қазып, оны оқпана деп атап, оқтан пана жасаған ғой. Сөйтіп, ерлік жасап отыр.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.