Жетісу облысының қант зауыттары қызылша қабылдай бастады
Жетісу облысындағы Ақсу және Көксу қант зауыттары тәтті түбір қабылдауды бастады. Бүгін Көксу және Ескелді аудандарының шаруа қожалықтары алғаш болып өнімдерін өткізді. Облыстағы екі зауыт жыл соңына дейін 530 мың тоннаға жуық қант қызылшасын өңдеуге дайын.
Қазіргі таңда Көксу қант зауытында 5 тиеу-түсіру машинасы және 4 таразы мен зертхана үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қант қызылшасын қабылдау мен өңдеу үшін жұмысқа 500-ге жуық адам тартылмақ. Тәулігіне 2 мың тонна өнімді игеруге дайынбыз дейді зауыт басшылығы.
Алтынбек Абатов, Көксу қант зауытының директоры:
Қазір зауытты қабылдауға дайындап отырмыз. Енді алға қойған мақсатымыз – зауыттың қуаттылығын 2027-2028 жылға дейін көтеру. Қуаттылығы бұрын 1500 тонна болса, одан кейін 1800-ге көтерілді. Қазір 2000-ға жетті.
Мақсат Абрахманов гектарына 700 центнерге дейін өнім алудамыз дейді. Шаруа қант қызылшасын жинау науқанын 4 күн бұрын бастапты. Бүгін алғашқылардың бірі болып өнімін өткізді.
Жалпы биылғы жылға дайынбыз. Былтыр да бірінші болып өткіздік. Бірінші 10 күндікте бітіріп кеткенбіз. Былтыр 23 гектар еккем, биыл 40 гектар ектім.
Бізде биыл 136 шаруа қожалығы екті. 85-87 мың тонна өнім аламыз деп күтіп отырмыз. Ал зауытымыз қант қызылшасын қабылдауға, өндіруге толық дайын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
