Басты Жаңалықтар Таразда «Таза ауа» рейдтік шарасы өтті

Таразда «Таза ауа» рейдтік шарасы өтті

Таразда автокөліктерден шығатын зиянды заттардың артық мөлшерін анықтау мақсатында «Таза ауа» рейдтік шарасы өтті. Облыстық экология департаменті көліктерге аспаптық бақылау жүргізіп, көмір тотығы мөлшері тексерілді. Сондай-ақ толық жанбаған отын қалдығы, яғни көмір сутектердің артық мөлшері анықталды.

Талап бойынша әр ескі көліктегі көмір тотығының рұқсат етілген шекті мөлшері 3,5 пайыздан, ал жаңаларында 0,3 пайыздан аспау керек. Бұл ретте көмірсутектің көлемдік үлесі ескі көліктерде миллионның минус бір дәрежесіне тең болуы тиіс. Ал жаңа машиналарға мүлде рұқсат етілмеген. Өйткені оларда зиянды заттарды ұстайтын сүзгі болу керек. Рейд барысында 18 көлік тоқтатылып, 4 жүргізушіге ескерту берілді.  Егер ескерту алған жеке тұлға бір жылдың ішінде қайтадан тоқтатылса 20, ал заңды тұлғалар 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды.


Бөлісу