Road-эстафета Жамбыл жеріне жетті
«Taza Qazaqstan» Road-эстафетасына қатысушылар Алматы облысынан Жамбыл жеріне жетті. Табиғат жанашырларын аймақтық «AMANAT» партиясы филиалының ұжымы мен белсенділері салтанатты түрде қарсы алды.
Эко-акция қатысушылары Қордай ауданындағы Кенен ауылынан бастап, Иірсу аялдамасына дейінгі республикалық маңызы бар автожол бойын тазалады. Сондай-ақ автотұрақтар мен кемпингтер аумағы да назардан тыс қалмады. Ал «Вандализмге жол жоқ» акциясы аясында Қордай ауданындағы «Тұлғалар тұғыры» ескерткішінің айналасы абаттандырылды. Қураған шөптер шабылып, қоқыс қалдықтары шығарылды. Ендігі эстафета тізгіні Меркі ауданының белсенділеріне беріліп, Тұрар Рысқұлов ауданында жалғаспақ. Белсенділер екі күнде 500 шақырым жол жиегін тазартады.
Ақерке Ескендірова, «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:
Алматы облысында 300-ге жуық жастар, волонтерлар, сонымен қатар тұрғындар келіп, қатарымызға қосылды. Экологияға үлес қосамын деген азаматтар бізбен бірге жұмыс істейді. Енді өткен жылы 2 мыңға жуық жас бізбен бірге болса, осы жылы біз 3 мың деп жобалап отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
