Қазаннан бастап не өзгереді?
Қазан айында қазақстандықтары біршама өзгеріс күтіп тұр. Мәселен, бүгін мүлік салығын төлудің соңғы күні. Пәтері, үйі, саяжайы, гаражы немесе жері бар қазақстандықтар бүгін төлеп үлгермеген жағдайда ертеңнен бастап айыппұл салынады.
Сонымен бірге, 21 жасқа толмаған ел азаматтары Шарм-эль-Шейхке ересектердің ертіп жүруінсіз ұша алмайды.
Бүгіннен бастап ауыл шаруашылығын қолдауға арналған «Кең дала – 2» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады.
1–3 және 6 қазан күні Қазақстан-Қытай шекарасында уақытша шектеулер енгізіледі: көлік өткізу пункттері жабылып, жеке тұлғалар мен көліктердің, жүктерінің өтуі толығымен тоқтатылады.
Алдағы сенбіден бастап, қоғамдық орындардағы тегін Wi-Fi-ға қосылу үшін пайдаланушы жеке басын куәландыруға міндетті. Рұқсатты телефонға келетін бірреттік код немесе электрондық цифрлық қолтаңбаңбаны енгізу арқылы ала аласыз.
Осы айдың 18-нен бастап көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстаудың ең төменгі төлемақысын есептеу тәртібі өзгереді. Алымдар ең төменгі айлық есептік көрсеткішке негізделеді және инфляция ескеріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
