«Таза Қазақстан» акциясы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырды
«Таза Қазақстан» акциясы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізді. Сондықтан бұл шараға тек былтырдың өзінде Шығыс Қазақстан облысында 300 мыңға жуық адам қатысты. Нәтижесінде 500 мың тонна қоқыс шығарылды. Жазда саябақ пен өзен-көлдің аумағы тазартылып, тарихи ескерткіштің маңы абаттандырылды. Ал қыста волонтерлар қар шығарып, көмектесті. Акция басталғалы қатысып келе жатқан өскемендік экобелсенділер бүгін қалдағы колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттерімен кездесіп, жобаның маңыздылығын түсіндірді. Әсіресе өндірісті өңірдің экологиялық ахуалын оңалту бойынша алда атқарылатын жұмыстарды талқылады.
Қазірдің өзінде ШҚО қалалары мен аудандарында жиырмадан астам ағартушылық кездесулер өтті. Бұл кездесулер облысымыздың 3 жоғарғы оқу орыны 30 астам кәсіптік білім беру мекемелерінде, сонымен қатар мектептерде өткізілетін болатын. Өзімізде арнайы бекітілген жоспар бар. Бұл жұмыс облыс орталығында ғана емес, барлық қалалар мен аудандарда жалғасып жатыр.
Астанада «Таза
Қазақстан» акциясы аясында мектептерге қағаз, пластик, шыныны бөлек жинауға
арналған экобокстар орнатылды. №76 мектеп-гимназиясына қойылған эко-қорапшалар
арқылы оқушылар қалдықтарды дұрыс сұрыптауды үйренеді. Сонымен бірге EcoQolday
жүйесі арқылы ең көп қалдық жинаған мектептер байқауға қатысып, жеңімпаздарға
құнды сыйлықтар беріледі. Жоба балаларда экологиялық жауапкершілікті
қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғауға ынталандырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
