Қазақстан жасанды интеллект стартаптарына 10 миллиард теңге бөлді
Биыл Үкімет жасанды интеллект бағытындағы 62 стартап жобаға 10 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлген. Жұмада Мәжілісте парламенттік тыңдау өткен, сонда айтылды.
Зерттеуші ғалымдар әлеуметтік сала ғана емес, өндірістегі жұмысты жеңілдететін жобаларға да басымдық беріп отыр. Ғарыш саласы мен медицинаға бағытталған стартаптар да бар.
Досжан Жүсіпов, «CEREBRAAI» компаниясының басшысы:
Біз күрделі ауруларды ерте анықтайтын бағдарлама жасадық. Ол жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Жобамыз Қазақстанда ғана емес, АҚШ, Өзбекстан, Сингапур мен Сауд Арабиясындағы емханаларда сынақтан сәтті өтті.
Отандық ғалымдар жасанды интеллектіні қазақша «сөйлетуге» де ден қойып отыр. Қазір жасалып жатқан тілдік модельге ана тіліміздегі 6 миллиардтан астам сөз енгізілген.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Бізге жасанды интеллектінің қазақстандық моделі керек. Мемлекет басшысы алдымызға осындай міндет қойып отыр. Ол ұлттық мүдделерімізге сай болып, еліміздің прогрессивті дамуына серпін беруі тиіс.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13