Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында қандай ұсыныстар айтты?
Елімізде сыртқы істер министрі өзгерді. Вице-премьер болған Ермек Көшербаев тағайындалды. Бұрынғы министр М.Нұртілеу әрі қарай Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі. Президент жарлығымен еліміздің АҚШ-ғы Төтенше және өкілетті елшісі Е.Ашықбаев та лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының апта басында Нью Йоркке барғаны мәлім, іссапардың негізгі пункті - БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысып, әлем мемлекеттерінің басшылары кезектесіп сөйлейтін жалпы дебатқа қатысу етін, қатысты. Ұстанымын жеткізді. Біздің президент БҰҰ реформалау туралы көптен қозғап жүр. Мінберде «бұл тоқтамай талқылайтын тақырып емес, стратегиялық қажеттілік» деді.
Халықаралық құқықты өрескел бұзу «қалыпты жағдайға» айналғанын айтты. «Қазіргі буын көшбасшыларының әрекетсіздік танытуға еш құқығы жоқ. Өйткені оның зардабын келесі ұрпақ тартады».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
