Маңғыстау облысындағы «Қошқар ата» көлін айналдыра сексеуіл егілмек
Маңғыстауда «Қошқар ата» радиациялық көлін қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Жоспар бойынша қалдықтар қоймасының айналасына 1 млн түп сексеуіл егіліп, озық үлгідегі суару жүйесі орнатылады. Осылайша 600 гектардан астам жер көгалдандырылмақ. Қазір аумақты қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандардың мәліметінше, бұған дейін «Қошқар ата» көлінде кешенді зерттеулер жүргізілген. Нәтижесінде қоршаған ортаның радиоактивті ластануы шекті деңгейден аспайтыны анықталған.
Әділет Қарашбай, мердігер мекеменің өкілі:
Биыл осы 640 гектар жер қоршалып, 770 мың түп сексеуіл көшеттері егілуі керек. Сосын келесі жылы қосымша тағы 170 мың сексеуіл көшеті егіледі. Бұл жалпы 3 жылдық жоба ретінде жобаланған. Үш жылға 600 млн теңге қарастырылған. Жоба аяқталған кезде бұл жерде сексеуілмен толық көмкерілген участок пайда болады.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан онлайн қызметтер бойынша әлемдік үздік ондықта
29.10.2026, 20:30
Баспаналы болғысы келетін алматылықтар үшін тағы бір мүмкіндік
29.10.2026, 20:26
Отандық «Ерекше» фильмі үш халықаралық жүлдеге ие болды
29.10.2026, 20:24
Жасанды интеллект ғалымның көмекшісіне айналады
29.10.2026, 20:21
3 қарашада «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
29.10.2026, 20:20
Абай облысында құрылыс қарқын алды
29.10.2026, 20:19
Өскеменде жол айрығының құрылысы аяқталуға жақын
29.10.2026, 20:18
Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтеріледі
29.10.2026, 20:15