Ақтөбе жастары еңбек ардагерлеріне көмектесуді дәстүрге айналдырды
Ақтөбелік жастар еңбек ардагерлерге көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Бұл жолы олар 40 жылдан аса ұстаздық еткен зейнеткердің үйіне келді.
Меруерт Ескендірова бау-бақша мен гүл өсіруді ұнатады. Дегенмен соңғы жылдары
оларға күтім жасау қиынға соға бастаған. Әсіресе күз мезгілінде. Өйткені
қураған ағаштар мен шөптерді жинау оңай емес. «Жасыл ел» жасағының мүшелері мен
колледж студенттері бірлесіп, әп-сәтте ауланы тазартып берді. Жиналған қоқысты
сыртқа шығарды. Тек Ақтөбе қаласының өзінде ай басталғалы «Таза Қазақстан»
акциясына 16 мың адам қатысқан.
Артур Әзиев, «Жасыл ел» еңбек жасақтары облыстық штабы төрағасының орынбасары:
Осы шараға белсене қатысып жатқан «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздарына, экогвардия мүшелеріне алғысымызды білдіреміз. «Таза Қазақстан» акциясы аясында осындай қала жастарына, ерікті жастарға атсалысуға шақырамыз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан онлайн қызметтер бойынша әлемдік үздік ондықта
29.10.2026, 20:30
Баспаналы болғысы келетін алматылықтар үшін тағы бір мүмкіндік
29.10.2026, 20:26
Отандық «Ерекше» фильмі үш халықаралық жүлдеге ие болды
29.10.2026, 20:24
Жасанды интеллект ғалымның көмекшісіне айналады
29.10.2026, 20:21
3 қарашада «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
29.10.2026, 20:20
Абай облысында құрылыс қарқын алды
29.10.2026, 20:19
Өскеменде жол айрығының құрылысы аяқталуға жақын
29.10.2026, 20:18
Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтеріледі
29.10.2026, 20:15