Еуропа елдерінде азық-түлік қымбаттады
Еуропа елдерінде жаппай қымбатшылық. Электроэнергия, су мен жылудың, жанар-жағармайдың құны шарықтап тұр. Еуростат статистикалық агенттігінің мәліметінше, соңғы жылдары Еуроаймақтағы мемлекеттерде азық-түліктің бағасы 45 пайызға қымбаттаған. Мәселенің мән-жайын Брюссельден байланысқа шыққан әріптесім Нұрсұлу Қасымнан білсек.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Инфляцияның өсуі, газ бен электроэнергия бағасының көтерілуі Еуропада азық-түліктің қымбаттауына әкеп соқты. Еуростат статистикалық агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Швейцарияда ең арзан нанның бағасы 2 еуро 50 цент, алманың киллограмы 3.5 жарым еуро, теңгеге шаққанда шамамен 2200 теңге. Италияда макарон өнімдері 30 пайызға қымбаттаған. Қант, сүт, еттің бағасы кей елдерде тіпті 45 процентке көтерілді. Бельгияда былтыр мынадай жұмыртқаның он екі данасы 1 еуро 19 цент болатын, қазір 2 еуро 40 цент тұрады. Бағаның күрт көтерілуі халықтың сатып алу қабілетін төмендеткен. Сондықтан Еуропалықтар қазір супермаркеттен гөрі, базарға баруды жиілетті және бұрынғыдай емес, халық ысырапқа жол бермей, үнемшіл болуды үйренді, дейді нарықтағы бағаны бақылаушы компанияның сарапшылары.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
06.05.2026, 20:56
Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
06.05.2026, 20:54
Шоқан – қазақ ғылымының бетке ұстары
06.05.2026, 20:53
Ерлік пен Патриоттық егіз ұғым
06.05.2026, 20:48
«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
06.05.2026, 20:46
Әкелер арасында волейболдан жарыс өтті
06.05.2026, 20:45
Мәйіттік ағза донорлығы адам өмірін сақтап қалуда
06.05.2026, 20:22
«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
06.05.2026, 20:18