ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
Өскемендегі Ертіс пен Үлбі өзеніндегі көпір толық техникалық тексеруден өтеді. Өйткені ол нысандардың салынғанына 40-50 жылдан асқан. Қазір қаладағы 6 көпір де техникалық тұрғыда тозып тұр. Жақында ғана шаһардың сыртындағы айналма жолдағы Үлбі өзеніндегі көпірдің құлап қалуы соған дәлел. Ал облыс орталығында көлік нөпірі жыл санап көбейіп келеді. Ертіс пен Үлбідегі қос көпір үстінде әсіресе таңертең-кешке кептелістен көліктердің керуені түзіледі. Сондықтан сарапшылар қаланың сыртымен айналып кіретін қосымша жолдарды кеңейтіп, тағы бір үлкен көпір салуды ұсынып отыр.
Жұлдыз Жұмағазина, құрылыс саласының сарапшысы:
Қазіргі кезде автомобильдердің қозғалыс қарқыны өсуде. Соған байланысты ескі жолдар реконструкциядан өтіп жатыр және де жаңадан жолдар салынып жатыр. Осыған байланысты сол жолдардан келетін қозғалыс қарқындылығын қамтамасыз ету үшін көпірлерді түбегейлі өзгерту керек немесе жаңадан көпірлер салынуы керек.
Екі апта бұрын қала орталығы мен өндірістік шағын ауданды
байланыстырып тұрған үлкен көпір қирап қалған болатын. Бірден сол аумақ
бойынша төтенше жағдай жарияланып,
комиссия құрылған. Ал қираған көпірге жергілікті бюджеттен бір жыл бұрын 600 миллион теңге бөліп жөндеуден өткізіген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
