Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
Келесі жылдан бастап аудан мен ауылдардардағы архив қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында айтылды. Сондай-ақ елдегі екі бірдей мұрағатқа «Ұлттық» статус берілмек. Бұдан бөлек, саланы толықтай цифрландыру көзделіп отыр.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ресми статистикаға сүйенсек, жыл сайын архив саласынан 200-250 маман жұмыстан кетеді. Бұған жалақының мардымсыздығы себеп. Өзекті мәселе бүгін Мәжілісте қаралды. Енді мұрағат қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға өсетін болды. Бұл өзгерістің игілігін әсіресе аудандар мен ауылдарда жұмыс істейтін мамандар көрмек.
Ибраим Бабаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы:
Бүгінгі заң нормасына енгізіліп отырған 25 пайызды аудандық архивтерде істейтін, күні кешегі талдау бойынша 1012 адам 25 пайыз мөлшерлемеде жалақы алады. Жалақыға келер болса аудандық архивтерде істейтін мамандардың айлығы 150-260 мыңның арасында.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бұған дейін кітапхана, музейлер мен мәдениет саласы мамандарының жалақысы өсіп, архив қызметкерлері тасада қалып қойған еді. Оның себебі қолданыстағы заңнамада архив қызметкерлері санатының болмауы. Яғни мұрағат мамандары «азаматтық қызметші» саналып келген. Енді тиісті заңға өзгеріс енгізілмек. Төменгі палата отырысында айтылған тағы бір жаңалық елімізде екі ұлттық архив пайда болады.
2 музейге жаңа мәртебе беріледі
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бірі – Астанадағы ұлттық архив. Оның аты бар, бірақ мәртебесі жоқ. Және Алматыдағы Орталық архивке ұлттық мәртебе беріледі де, екі архивтің ең төменгі жалақысы 300 мың теңге болады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Яғни, қос қаладағы архивтерге «Ұлттық» мәртебесі берілсе, сонда жұмыс істейтін қызметкерлерге 1,75 коэффициентпен жоғары еңбекақы алуға мүмкіндік туады. Бұл кадр тапшылығы мәселесін жоюға және мамандардың әлеуметтік жағдайын сәл де болса жақсартуға сеп болады, дейді депутаттар. Айта кету керек, заң келесі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26