Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды. Дін көшбасшыларының съезіне АҚШ-тан арнайы келген меймандардың бірі Мұхаммед Маджид осылай дейді. Ол Вирджиния штатындағы Даллес аумағындағы мұсылман қауымдастығының жетешісі. Бұған дейін Солтүстік Америкадағы Ислам қоғамының бұрынғы президенті қызметін атқарған. Мұхит асып келген мұсылманмен әріптесім Самал Қабышева сұқбасты.
Самал Қабышева, тілші:
Дін көшбасшылары адамзаттың цифрлық болашағын талқылауға қатысуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев съезде осылай деді. Осыған қатысты өзіңіздің пікіріңізді білдірсеңіз.
Мұхаммед Маджид, Даллес ауданындағы бүкіл мұсылман қауымдастығының басшысы:
Діни жетекшілер өмірдегі өзгерістерге бейімделуі керек. Заман ағымынан қалуға болмайды. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыруға қатысты бастамасын толық қолдаймын. «Дін көшбасшылары адамзаттың цифрлық болашағын талқылауға қатысуы тиіс» дегені өте дұрыс ұсыныс. Себебі заман ағымынан қалуға болмайды. Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды.
Съезден жалпы не күтесіз?
Біріншіден, осы елге әлемнің түкпір-түкпірінен дін көшбасшыларын жинағаны үшін Қазақстан Президентіне, халқына алғыс айтқым келеді. Осы съезден мен «әл-Азһар мен Ватикан қол қойған «Адамзат бауырластығы туралы құжат» және «Мекке» сынды әртүрлі декларациялардың іс жүзінде жүзеге асырылуын күтемін. Бұл съезд барша қоғам үшін маңызды. Халықаралық мінберге айналған алаң. Съезд барысында қабылданған декларациялар мен үндеулер тек Қазақстан аясында шектелмей, БҰҰ Бас Ассамблеясының ресми құжаттары ретінде таратылып келеді. Бұл – форум шешімдерінің халықаралық деңгейде мойындалуының жарқын көрінісі.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жазушы В.Михайловты мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 13:30
Туризмге 2 жылда ₸2,2 трлн инвестиция тартылған
07.09.2026, 13:27
Қорғалжын қорығына м³40 млн су жіберілді
07.09.2026, 13:24
5 мың шақырымдай теміржол салынады
07.09.2026, 13:21
Ембідегі 125 жыл болған вокзалды жаңғыртты
07.09.2026, 13:18
Астанада ғарыш саласына қатысты форум басталды
07.09.2026, 13:15
Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс саласын күшейтпек
07.09.2026, 13:12
Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады
07.09.2026, 13:09