Жамбылда жол бойындағы алғашқы қонақ үй ашылды
Жамбыл облысының туризмін дамыту үшін инвесторлар көмегімен 20 млрд теңге бөлінеді. Бұл сомаға алдағы 3 жылда 30-ға жуық туристік тынығу орындары бой көтермек. Олардың басым бөлігі жол бойындағы сервистік нысандар. Соның бірі саналатын заманауи қонақ үй бүгін Меркі ауданы, Ақтоған ауылынан ашылды.
Осылайша Qazaq Oil жанармай компаниясы Ақтоған ауылы маңынан жол бойындағы қонақүйін ашты. Бұл еліміздің автобандары бойынша алғашқы нысан. Мың шаршы метр болатын екі қабатты ғимарат 31 жайлы бөлмемен жабдықталған. Тегін Wi-Fi, спутниктік теледидар қойылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де жағдай жасалған.
Оралхан Омаров, «Qazaq Oil» компаниясының Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облысы бойынша басшысы:
Бұл - тоғыз жолдың торабында орналасқан нысан. Өйткені мұнда Ресейден, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан келетін жолдар тоғысады. Президенттің тапсырмасына сәйкес туризмді дамытып, жолаушылар мен жүргізушілерге қызмет көрсету мақсатында осы қонақүйді іске қостық.
Сондай-ақ қонақ үйде 50 көлікке арналған автотұрақ, намазхана, супермаркет пен электрокөліктерді қуаттау станциясы бар. Дәл осындай демалыс кешені арқасында автодәлізде апаттар саны да азаймақ. Өйткені тоқтап тыныққан жүргізуші жолда қалғып кетпейді.
Әбілқайыр Тамабек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:
Бұл тек жүргіншілерге жасалған жағдай деп қарауға болмайды. Қазіргі таңда осы қонақүй мен сервистік кешенде Меркі ауданының 20 тұрғыны жұмыс істейтін болады. Оның айналасында қосымша қызмет түрлері ашылып, ауданның экономикалық әлеуетіне серпін беретін ірі жобалардың біріне айналады.
Жыл соңына дейін тағы 4 нысан салынбақ. Олар Қызылорда, Абай және Батыс Қазақстан облысында бой көтереді. Ал алдағы 4 жылда жол бойында 60 қонақ үй желісі құрылмақ. Жалпы Жамбылға жылына 200 мың турист келетінін ескерсек, мұндай нысандар туримзді дамытуға сеп болмақ.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28